Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер балалар арасында “Есірткіге жол жоқ” сурет байқауын өткізді

Ақмолалық полицейлер балалар арасында “Есірткіге жол жоқ” сурет байқауын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 маусымда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Ақмола облысының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы “Bolashaq saraiy”-мен бірлесіп, қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында “Есірткіге жол жоқ” тақырыбында облыстық сурет байқауын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын, есірткісіз өмірді насихаттау.

Байқауға Ақмола облысының 7-17 жас аралығындағы балалар белсенді қатысты.

Жұмыстар бояулар, фломастерлер мен қарындаштарды пайдалана отырып, әртүрлі техникада орындалды. Қатысушылар есірткі қолданудың жағымсыз салдарын көрсетті.

Конкурс комиссиясының шешіміне сәйкес үш жас ерекшелігі бойынша номинациялар жеңімпаздары анықталып, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру