Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ордабасылық полицейлер жоғалған баланы тауып, ата-анасымен қауыштырды

Ордабасылық полицейлер жоғалған баланы тауып, ата-анасымен қауыштырды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ордабасы аудандық полиция бөліміне таңғы сағат 07:00 шамасында жергілікті тұрғын келіп, бір сағаттан бері денсаулығында кінәраты бар 15 жастағы ұлын таппай жүргенін және ұлының велосипеді полиция ғимаратының жанында тұрғанын жеткізді. Яғни, тұрғын ұлын ішке кірген болар деп сұрайды. Сондай-ақ, ұлын табуға полицейлердің көмек беруін өтінеді.

Анықталғандай, тұрғынның баласы осыған дейін бірнеше рет үйінен шығып кетіп, әкесі өзі тауып алып жүрген. Алайда бұл жолы жасөспірім үшті-күйлі жоқ болған. Ақпарат алысымен кезекші бөлім қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларына бағытнама берді. Ал ордабасылық полицейлер бірден жасөпірімнің жүрген жерін анықтау мақсатында іздестіру жұмыстарына кірісті.

Көрген-білгендерден сұрастырып, әрбір көшені аралап шықты. Барлық қажетті шараларды ұйымдастырды. Арадан 2 сағаттай уақыт өткенде полиция бөліміне қой бағып жүрген жергілікті тұрғынның бірі хабарласып, сөйлемейтін жасөспірімнің жалғыз жүргенін хабарлаған. Оған қоса өзінің телефонына түсіріп, әлеуметтік желі арқылы топтарға таратып жіберген.

Яғни, бұл таңертеңгісін ұлын таппай жүрген тұрғынның баласы болып шықты. Жасөспірім 10 шақырым қашықтықтағы Қажымұқан ауылының күн шығыс беткейіндегі жайылымдық алқаптан табылды. Бүгінгі таңда бала ата-анасымен бірге. Тұрғын ұлын тауып беруге қызмет еткен полицейлерге шынайы ризашылығын жеткізіп, жұмыстарына сәттілік тіледі. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру