Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-ға тыйым салынған заттарды өткізбек болған жеті дерек анықталды
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-ға тыйым салынған заттарды өткізбек болған жеті дерек анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №77 (тергеу изоляторы) мекемесінде өткен 2022 жылы рентген аппаратының көмегімен бақылау-өткізу пунктінің қызметкерлері мекемеге тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқан 7 фактіні анықталды. Жалпы сомасы 175 мың теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды.
Қызметкерлер заттарды тексеру үшін рентген аппаратын пайдаланады. Бұл құрылғы кішігірім объектілерді тексеру кезінде қажет, құрылғы әдетте көрінбейтін қауіпті заттарды ғана емес, сонымен қатар органикалық, бейорганикалық және аралас заттар үшін кескінді әртүрлі түстерге бояу арқылы материалдардың химиялық құрамы туралы ақпаратты көрсетеді. Дисплей экранында қалыптасқан кескінді бақылауды, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуді арнайы дайындалған қызметкерлер жүзеге асырады.
Орнату принципі адамдар мен тексерілетін заттар үшін мүлдем қауіпсіз микродозды рентген сәулелерін қолдануға негізделген. Осы жабдықтың көмегімен мекеме қызметкерлері мекемеде өткізілетін құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың сапасын едәуір арттыра алады.