Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-да үздік қызметкерлер марапатталды

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай қызметкерлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент бастығы Алтынбек Қалиев қызметте қол жеткізген жетістіктері үшін бірқатар қызметкерлерге арнайы атақтарын табыстады. Атап айтқанда, ҚР Ішкі істер министрі М.Ахметжановтың бұйрығымен ҚАЖД пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы Дидар Есенғұлға мерзімінен бұрын подполковник, Бейнеу аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Аманжол Шоғыбаевқа бір саты жоғары майор арнайы атағы берілді.


Сонымен қатар №77 мекеменің аға бақылаушысы Рая Жолдыбаева “Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін” медалімен, ҚАЖД жедел уәкілі Бағдәулет Масақбаев “Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі” төсбелгісімен, Мұхтар Саттаров Грамотамен марапатталып, №43 мекеменің бақылаушысы Бағдат Убайдуллаевқа алғыс жарияланды.

Сондай-ақ Арман Сәрсенов пен Борашова Әсел – майор, Асқар Шаханов пен Кәмшат Базарқызы – капитан, Бауыржан Бердовлетов – лейтенант кезекті арнайы атақтарын алды.

Марапаттау рәсімінен соң ведомство басшысы Алтынбек Тұрарұлы қызметкерлерді құттықтап, мықты денсаулық пен жаңа кәсіби табыстар тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру