Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ ҚАЖК бірінші орынбасары Сағат Мәдиев Маңғыстау облысына іссапармен барып қайтты

ҚР ІІМ ҚАЖК бірінші орынбасары Сағат Мәдиев Маңғыстау облысына іссапармен барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен ҚР ІІМ ҚАЖК бірінші орынбасары Сағат Мәдиев келді. Сонымен қатар Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығымен бірге №43 (қоныс колониясы) және №77 (тергеу изоляторы) мекемелеріне барды. Тексеру барысында мекеменің объектілерін қарап, сәлемдемелерді қабылдау бөлмесіне, ас блогының үй-жайларына, шаруашылық қызмет көрсету жасағының орналасқан жеріне, камераларға, бейнебақылау операторының постына, кездесу бөлмесіне және серуендеу аулаларына барды. Сағат Мәдиев өтініштер мен шағымдар беру үшін электрондық терминалдардың жұмысын тексерді. Сондай-ақ пенитенциарлық мекемелерді бейнебақылау жүйелерімен толық қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарға ерекше назар аударылды.

Сағат Мәдиев аумақты аралап шыққаннан кейін ҚАЖД жеке құрамымен және мекемелер басшылығымен жұмыс кеңесін өткізіп, есепті ақпаратты тыңдап, нақты мәселелер бойынша тапсырмалар берді.

Жиналыстан кейін Сағат Мәдиев департаменттің жаңадан ашылған тарих мұражайына барып, оның экспонаттарымен танысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру