Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлер алыс сапарға шыққан туристке көмек көрсетті

Маңғыстаулық полицейлер алыс сапарға шыққан шетелдік азаматқа көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы ПД патрульдік полиция ротасының инспекторлары Шетпе – Сай –Өтес тас жолының 186-шақырымында велосипедпен сапарға шыққан туристті байқап, жанына барып, мән-жайды сұрастырып, ер адамның хал-жағдайын білген.
Белгілі болғандай, турист өз сапарын Түркия елінен бастаған екен. Ол велосипедпен жол жүріп отырып, Грузия республикасын артқа тастап, Қазақстаннан бағыты Тәжікістан, Пәкістан, Ауғанстанды өтіп, діттеген мәресі Үндістан мемлекеті екен.

Полиция қызметкерлері туристке қажеттіліктерін қамтамасыз ету арқылы көмек көрсетіп, әрі қарайғы сапарына шығарып салды. 

Шетелдік азамат өз әлеуметтік желісінде маңғыстаулық полицейлерге алғысын білдірген жазба қалдырған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру