Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау тұрғынынан ҰҚҚКБ қызметкерлері 50 келіден астам есірткі тәркіледі

Маңғыстау тұрғынынан ҰҚҚКБ қызметкерлері 50 келіден астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2023 жылы 1 наурыз күні сағат 17:00 шамасында Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен 30 шағын ауданда орналасқан “Олжа” сауда орталығының артынан 41 жастағы күдікті ұсталды.

Автокөліктің салонына тінту жүргізу кезінде алдыңғы орындықта марихуанаға ұқсас өсімдік тектес зат болған полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сондай-ақ орындықтың астынан 14 дана бір рет қолданылатын пакеттерден жасалған түйіндер табылды және тәркіленді, онда да марихуанаға ұқсас өсімдік тектес зат болды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 1,5 келіні құрайды.

Әрі қарай, күдіктінің танысына тиесілі Mercedes-Benz Е-190 автокөлігін тінту кезінде жалпы салмағы 55 келі болатын марихуанаға ұқсас өсімдік тектес заты бар үш қап табылды және тәркіленді.

Бұл дерек СДТБТ-де ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша (Есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) тіркелді.

Тәркіленген заттарды зерттеу үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды. Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру