Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі ұрлыққа қатысы бар астаналық тұрғынды полицейлер анықтады

Екі ұрлыққа қатысы бар астаналық тұрғынды полицейлер анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық тұрғын бір күнде екі ұрлық жасаған. Ұрлықтың құрбаны болған қала тұрғыны полицияға арызбен жүгінген. Тергеу нәтижесінде жәбірленуші жеке тасымалдаумен айналысып, қызды мекенжайына жеткізгені анықталды. Көліктен шығып бара жатқан сәтті пайдаланып, қыз орындықта жатқан, ішінде құжаттар мен банк карталары бар барсетканы алып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қаланың 31 жастағы тұрғынын анықтады. Оның тағы бір ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды. Ер адаммен танысқаннан кейін әйел қонақ үйде таныстығын жалғастырған. Қонақ үй бөлмесінде болған кезде екеуі ішімдік ішкен. Қолайлы сәтті күтіп, әйел жаңа танысының Redmi телефонын ұрлап кеткен.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйел мойындау көрсетпелерін берді, оның қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру