Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараз студенттеріне есірткіге қарсы психологиялық тренингтер өткізілді

Тараз студенттеріне есірткіге қарсы психологиялық тренингтер өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің “Өнер және спорт” факультетінің 200 студентінің қатысуымен кезекті рет есірткіге қарсы семинар өтті.

Спикерлер ретінде ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, дәрігерлер, психологтар сөз сөйледі.

Полиция қызметкерлері студенттермен есірткінің зияны, есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік туралы әңгімелесті.

“JANUIA medical center” ЖШС қызметкерлері қатысушылар үшін психологиялық тренингтер өткізді. Студенттер имитациялық көзілдірік кию арқылы алкогольдік ішімдік ішкен адамдар өздерінің толық мүмкіндігін жоғалтатынын түсінді. Сондай-ақ дәрігерлер темекінің дененің барлық жүйелеріне зиянды әсерін манекен арқылы көрсетті.

Сондай-ақ студенттер пооицияның көмекшілері – қызметтік иттердің демонстрациялық қойылымдарын тамашалады.

– Жыл сайын қара нарықта адамдардың жаны мен денесін тез бұзатын жаңа агрессивті есірткілер пайда болып жатыр. Оның салдарымен күресуден бұрын құқық бұзушылықтың алдын алған дұрыс. Семинар жастар арасында асоциалдық құбылыстардың алдын алу, психоактивті заттарды тұтыну мен таратумен байланысты қауіптер туралы хабардарлық деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді, – деді ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру