Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ПД бастығы білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті

Маңғыстау облысы ПД бастығы білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығы Аян Дуйсембаев Ақтау қаласында орналасқан “Достық үйі” ғимаратында облыстың барлық білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті, олар мектеп директорлары, колледж және өзге ұйымдардың басшылары.

Кездесу барысында оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайы ортаға салынды. Полиция басшысы жастар арасында топтық төбелестің тыйылмай тұрғандығын тілге тиек ете келе, оған қарсы шаралардың үнемі қабылданып жатқандығын жеткізді.

Облыс көлемінде жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға, заңсыздықты болдырмау және қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында бірқатар жедел-профилактикалық іс-шаралар (“Түнгі қаладағы балалар”, “Қолайсыз отбасы”, “Жасөспірім”, “Мектеп”  және т.б) ұйымдастырылып жатыр.

Атқарылған іс-шаралар нәтижесіне қарамастан осы жылдың 9 айында облыс көлемінде, жасөспірімдердің тарапынан жасалған 39 қылмыс тіркелген, оның 24-і облыс орталығында орын алған. 

Жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күресу – тұтас қоғамның міндеті. Полиция қылмысты ашып, профилактикалық шараларды жиі ұйымдастырғанымен, қылмыстың алдын алудағы нақты нәтижеге қол жеткізу үшін ата-ана, мектеп директорлары мен ұстаздардың да үлесі қажет. 

Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының себептері қоршаған ортаның кәмелетке толмағандарға теріс әсері, сондай-ақ отбасы тарапынан тиісті бақылаудың болмауы олардың қылмыс жасауға қатысуына әкеледі. Аян Сабитұлы осылардың барлығын жиынға қатысушыларға жеткізе келе, олардан білім беру ұйымы тарапынан да нақты шараларды қабылдауды сұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру