Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ПД-да жеке құрамның қатысуымен семинар өткізілді

Маңғыстау облысы ПД-да жеке құрамның қатысуымен семинар өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінде тергеу әрекеттерін жүргізу қағидаларының талаптарын талқылау, тергеу амалдарын жүргізу барысында туындайтын мәселелерді шешу бағытында семинар жиын өткізілді.

Аталмыш шараға департамент бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары Б.Исаев, тергеу жөніндегі орынбасары Б.Байгелді, сондай-ақ облыс прокурорының орынбасары А.Уалиев, облыс прокуратурасының басқарма бастығы Д.Төлегенов, қала прокурорының орынбасары Д.Манасбаев және өңірлік сот сараптамалар институтының директоры Р.Ғұсманов қатысты.

Семинар барысында ҚР ҚПК-тің 252, 254-баптарында көзделген ережелер мен талаптар туралы сөз қозғалып, бірқатар сұрақтар шешімін тапты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру