Маңғыстау облысында есірткілік масаң күйдегі жүргізуші ұсталды
Маңғыстау облысында есірткілік масаң күйдегі жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 наурыз күні сағат 12:00 шамасында Мұнайлы ауданы Полиция бөлімі қызметкерлерімен Атамекен елді мекенінде жүргізушісі есірткілік масаң күйде болған Lada-21115 автокөлігі тоқтатылды.
Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің ұқсас құқық бұзушылығы үшін 2019 жылдың желтоқсан айында Мұнайлы аудандық сотымен көлік басқару құқығынан айырылғандығы белгілі болды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.