Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кафеде оқ атқан тараздық Алматыда ұсталды

Кафеде оқ атқан тараздық Алматыда ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 сәуірде Жамбыл облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен 25 ақпанда Тараз қаласындағы кафеде екі тұрғынға оқ атқан күдікті ұсталды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген 36 жастағы Тараз қаласының тұрғыны жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлерімен Алматы қаласынан анықталып, құрықталды.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Қазіргі уақытта ол Тараз қаласындағы тергеу изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру