Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жиһаз жасап беремін”: алаяқ ақтаулықтарды 10 млн теңгеге алдап кетті

 Алаяқ ақтаулықтарды 10 млн теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурызда Ақтау қаласы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардан арыз түсті. Олардың айтуынша, белгісіз ер адам жиһаз жасап беремін деген желеумен 10 млн теңге мөлшеріндегі қаражатты иемденіп кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті мойындау жауабын беріп, УҰИ-ға жабылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру