Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында «Пробациялық бақылау» ЖПІШ өтіп жатыр

Маңғыстау облысында «Пробациялық бақылау» ЖПІШ өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметкерлері 26-28 қаңтар аралығында «Пробациялық бақылау» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Шараның мақсаты – бас бостандығынан айырусыз жазаға сотталғандардың арасында құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу.

Айта кету керек, пробациялық бақылау пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың заң мен сот жүктеген міндеттерді орындауын қадағалау, қандай да бір құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау.

– Шараның бірінші күні 100-ге жуық есептегі сотталған тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Нәтижесінде жеті адам белгіленген уақытта үйлерінде болмағандығы анықталды. Олармен түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, ескерту берілді, – дейді ҚАЖД пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы Ғабит Чутабеков.

Мәселен, Түпқараған ауданы бойынша 80-нен астам адам есепте тұр. Әрқайсысымен пробация қызметкерлері сөйлесіп, тәртіп бұзбауға, уақытылы үйлерінде болуға шақырды.

– Түпқараған ауданы бойынша 15-тен астам адам тексерілді. Біз тек өздерімен ғана емес, отбасы мүшелерімен де түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеміз. Бұл сотталғанның оң жолға түсуіне бірден бір септігін тигізеді, – дейді Түпқараған аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Айхайбек Наков.

– Істі болған тұлға сот талаптарын және пробация қызметінің талаптарын қасақана өрескел бұзған жағдайда, сотталушыға қатысты материалдар сотқа жіберілетін болады, яғни бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына өзгерту жайлы шешім шығады. Былтыр 47 сотталған тәртіп бұзып, оларға қатысты материал сотқа жолданып, қанағаттандырылды, – деді Ғ.Чутабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру