Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысының тұрғыны ауласында есірткі өсірген

Маңғыстау облысының тұрғыны үйінің ауласында есірткі өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz

23 шілдеде Облыстық ПД-ның қызметкерлері “Қарасора – 2022” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде Бейнеу ауданының 48 жастағы тұрғынының үй ауласынан көкөністермен бірге өсіп тұрған есірткіге ұқсас 27 шөп тектес өсімдік және автокөлік гаражының ішінен кептірілген есірткіге ұқсас 10 шөп тектес өсімдік, сонымен қатар ауладағы моншаның ішінен бір есірткі қолдануға арналған кесілген бөтелке, екі қағазға оралған өткір иісті марихуана есірткісіне ұқсас затты тәркілеп алды.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен тіркелді. Тергеп-тексеру жалғасуда.

Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру