Маңғыстау полицейлері кабель ұрлаған күдіктіні анықтады
Маңғыстау полицейлері кабель ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 желтоқсан күні сағат кешкі 18:00 шамасында белгісіз тұлға қала шетінде орналасқан жеке меншік мекемеге тиесілі мыс кабельдерін ұрлап кеткен. Жалпы шығын 2,2 млн теңгені құрайды. Жәбірленуші полицияға арызбен жүгінді.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен аталған іске қатысты күдікті ұсталды.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-да тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді