Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда полицейлер марапатталды

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент бастығы Жанарбек Бақтыбаев қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысын қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін және өз қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін 28 полиция қызметкерін грамоталар және алғыс хаттармен марапаттады.

Одан бөлек, жеті полицейге облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың алғыс хаттары табысталды.

Марапатталғандардың басым бөлігі әкімшілік және жергілікті полиция басқармалары, сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлерінен болды.

Өңір полициясының басшысы марапатталғандарды құттықтап, оларға мықты денсаулық, сарқылмас қуат және қызметте табыс тіледі.

– Адамдардың өмірі мен тағдыры, азаматтардың полицияға қатынасы, оның қоғамдағы беделі қызметкерлердің құзыреттілігіне байланысты, – деп атап өтті Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру