Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда полиция мас күйде көлік тізгіндеген екі жүргізушіні ұстады

Маңғыстауда полиция қызметкерлері мас күйдегі екі азаматтың жолға шығуына жол бермей, жол қауіпсіздігіне төнген қатердің алдын алды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қыркүйек күні жергілікті маңызы бар Таушық – Қияқты автожолында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Audi автокөлік жүргізушісін тоқтатты.

Құжаттарды тексеру барысында көлік тізгінінде отырған 39 жастағы Көбенов Аман есімді азаматтың көлік құралын басқару құқығы жоқ және масаң күйде болғаны анықталды.

Аталған факті бойынша сот шешімімен жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығын алуға тыйым салынды.

Сонымен қатар автокөліктің 34 жастағы Омаров Нұрлыбек есімді иесі де масаң күйде болғаны және көлік құралын басқаруға құқығы жоқ азаматқа өз көлігін басқаруға бергені анықталды.

Сот шешімімен көлік иесі 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Полиция қызметкерлерінің дер кезінде қабылдаған шаралары жол-көлік оқиғасының алдын алуға мүмкіндік берді. Екі азаматтың да әрекеті заң талаптарына сәйкес бағаланып, тиісті шаралар қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру