Маңғыстауда қаскүнемдер ұйықтап жатқан ер адамның ақша салынған сөмкесін ұрлап кетті
Маңғыстау облысында екі ер адам газ құю бекетінің қызметкерінің ақша салынған сөмкесін ұйықтап жатқан жерінен қолды еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды.
Аталған факті бойынша Бейнеу аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі іс жүргізуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.