Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 9 фактісі анықталды

Ақмола полицейлері “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 9 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Естеріңізге сала кетсек, Ақмола облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жолдардағы апаттылықты азайтуға бағытталған кең ауқымды акция 19 шілдеде басталды. Бір ай ішінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету құзыретіне кіретін Полиция департаментінің бөлімшелері рейдтік іс-шаралар мен профилактикалық акциялар өткізеді.

Акцияның мақсаты – Ақмола жолдарындағы апаттарға жол бермеу және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу. Тәртіп сақшылары жеке тасымалдаумен айналысатын жүргізушілерді ерекше бақылауға алуда. Рейдтік іс-шаралар барысында құқық қорғау органдары жолаушыларды тасымалдау үшін көліктің сәйкестігін, сондай-ақ қажетті рұқсат беру құжаттарының болуын тексереді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде, “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасының 21 күнінде ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын 9 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кету керек, акция басталғаннан бері Ақмола жолдарында ЖҚЕ бұзудың 10 220-дан астам фактісі тіркелді. Антирейтингке жылдамдықты арттыру бойынша 5 345 факт, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін бұзу – 1 818 дерек, жаяу жүргіншілер жасаған жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша 1 267 бұзушылық тіркелді.

Патрульдік полиция жасақтары облыс жолдарында мас күйінде 150 жүргізушіні және көлікті басқару құқығынсыз басқарған 212 жүргізушіні ұстады. “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы 18 тамызда аяқталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру