Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда қаскүнемдер ұйықтап жатқан ер адамның ақша салынған сөмкесін ұрлап кетті

Маңғыстау облысында екі ер адам газ құю бекетінің қызметкерінің ақша салынған сөмкесін ұйықтап жатқан жерінен қолды еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 тамызда Бейнеу ауылындағы газ құю бекетінде екі адам ұйықтап жатқан азаматтан 80 мың теңге көлемінде ақша салынған сөмкені ашық түрде ұрлап, оқиға орнынан ізін суытқан.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды.

Аталған факті бойынша Бейнеу аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі іс жүргізуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру