Маңғыстауда заңсыз көші-қон ұйымдастыру дерегі анықталды
Маңғыстауда заңсыз көші-қон ұйымдастыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
12 қазан Ақтау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлерімен "Жібек Жолы" бақылау-өткізу бекетін заңсыз айналып кесіп өткен Өзбекстан Республикасының азаматшасы ұсталды.
Сондай-ақ, бұл азаматша ел аумағында заңсыз тұрып жатырқаны және жеке тұлғаларға шетелдіктердің еңбек қызметін жүзеге асыруға жалған рұқсаттарды заңсыз дайындау жолымен заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырғаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 392-бабының 1-бөлігі және 394-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.