Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда заңсыз көші-қон ұйымдастыру дерегі анықталды

Маңғыстауда заңсыз көші-қон ұйымдастыру дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қазан Ақтау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлерімен “Жібек Жолы” бақылау-өткізу бекетін заңсыз айналып кесіп өткен Өзбекстан Республикасының азаматшасы ұсталды.

Сондай-ақ, бұл азаматша ел аумағында заңсыз тұрып жатырқаны және жеке тұлғаларға шетелдіктердің еңбек қызметін жүзеге асыруға жалған рұқсаттарды заңсыз дайындау жолымен заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 392-бабының 1-бөлігі және 394-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру