Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны ғашығын қызғаныштан өлтірді

Павлодар облысының тұрғыны ғашығын қызғаныштан өлтірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Маусым айында Успен аудандық полициясына ауыл тұрғыны хабарласты. Ер адам қорыққан дауыспен үйінің ауласында 28 жастағы жергілікті тұрғынның өлімі болғанын айтты. Келген полиция қызметкерлері куәгерлерді тексеріп, оқиға орнына мұқият тексеру жүргізді. Бұл істі тергеу полиция бөлімі бастығының орынбасары Асқар Аралбаевқа, сондай-ақ аға тергеуші Мақсат Дүйсембаевқа тапсырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Барлық жағдайларды зерттеу, сондай-ақ куәгерлермен сұхбаттасу кезінде полиция өлтірілген адамның Успенка ауылының 61 жастағы тұрғынымен біраз уақыт қарым-қатынаста болғанын анықтады. Бірақ ер адамның үнемі жанжалдары мен шабуылдарының салдарынан бірге өмір сүрме алмады. Сондықтан қыз сүйіктісінен кетуді шешті. Алайда қыздың барар жері болмағандықтан, ол танысының үйінде уақытша тұрған. Көп ұзамай Павлодардан үй иесіне досы қонаққа келеді. Осылайша, қаладан келген қонақ пен қыздың арасында сезім пайда болды және олар қалаға бірге оралуды шешті.

Бірақ бұл романтикалық оқиға бәріне ұнаған жоқ. Бұрынғы сүйіктісінің жаңа қарым-қатынасқа түсіп, ауылдан қалаға кетіп жатқанын білген 61 жастағы ауыл тұрғыны ашуға берілді.

Шамадан тыс ішімдік ішіп, ол пышақ алып, қыз уақытша тұратын үйге бет алды.
Ер адам онымен сөйлесуге тырысты, тіпті оны оралуға көндірді. Бірақ ешқандай сылтаулар мен сендірулер ауыл тұрғынын сендіре алмады, ол қатал болды. Содан кейін ер адам қалтасынан пышақты алып, бұрынғы сүйіктісінің кеудесіне сұғып алды. Ол мұны бірнеше рет жасады, ашу-ызат ұстінде ол қайта-қайта пышақпен ұрды.

Айқайларды естіген үй иесі бөлмеге жүгіріп келіп, қорқынышты суреттің куәсі болды. Ол қылмыскерді ұстауға тырысты, бірақ сәтсіз болды. Қаскүнем үйден шығып, белгісіз бағытта қашып кетті.

Үй иесі дереу жедел жәрдем шақырып, полицияға қоңырау шалды. Өкінішке орай, келген медицина қызметкерлері ауыл тұрғынының қайтыс болғанын анықтады.
Ал полиция қызметкерлері қысқа уақыт ішінде күдіктінің тұрған жерін анықтап, ұстады.

Осы қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен ер адам қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеумен 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру