Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда заңсыз жұмыс жасаған шетелдіктер жауапқа тартылды

Маңғыстауда заңсыз жұмыс жасаған шетелдіктер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы аумағында өткізіліп жатқан “Құқықтық тәртіп” кең ауқымды операциясы аясында полицейлер шетелдіктердің Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын сақтауын қадағалау бағытында рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Атап айтқанда, құрылыс объектілері, қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, жатақханалар және тағы басқа да жерлер жаппай тексерілді.

Іс-шараның бір күнінде ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 52 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК-тің 517-бабы 5-бөлігі бойынша 52 шетелдікке қатысты хаттамалар жасақталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру