Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда “Жатақхана” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

13-17 қараша күндері аралығында Маңғыстау облысында “Жатақхана” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың өсуіне жол бермеу, алдын алуға бағытталған.

Аталған ЖПІШ аясында Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің №5 студенттер жатақханасында рейдтік іс-шара өткізілді.

Студенттермен кездесуге есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерінен бөлек, осы әкімшілік аймаққа жауапты кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы және “Жастар” орталығы басшысының орынбасары қатысты.

Қазақстан Республикасында «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» жүзеге асыру мақсатында жасөспірімдерге есірткі заттарының зияндылығы және қылмыстық жауапкершілігі туралы жан-жақты айтылып, ақпараттық жадынамалар таратылды.

Өз кезегінде ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкері жастарға түнгі мезгілде заңды өкілсіз тұрғынжайдан тыс жүруге болмайтындығын қатаң ескертіп, сақтық шараларын атап өтті.

Профилактикалық кездесуден кейін тәртіп сақшылары мен “Жастар” орталығының өкілі ішкі ахуалмен танысып, жай-күйді қадағалау мақсатында жатақхана ішіне рейд жүргізді. Полицейлер студенттермен еркін форматта тілдесіп, олардың қызықтырған сауалдарына жауап берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру