Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары мектеп семинарына қатысты

Абай облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді мектеп семинарына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қарашада Абай облысы Семей қаласының №40 орта білім беру мектебі базасында Абай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Б.Амангелді, Абай облысы ТЖД өкілдері, Абай облысы білім басқармасының өкілдері, Семей қаласының №40 орта білім беру мектебінің директоры А.Қуанышбаева және Семей қаласының барлық орта білім беру мектебінің тәрбие жұмысы бойынша меңгерушілерінің қатысуымен “Мектеп – қауіпсіздік аумағы” тақырыбында семинар өтті.

Аталған семирарда балалардың қауіпсіздігі мен конституциялық құқықтары мен денсаулығын қорғау бойынша қабылданып жатқан шараларға қойылатын барлық талаптар мен әдістемелік қолдау көрсетілді.

Өткізілген семинар аясында Абай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Б.Амангелді мектептегі балалардың қауіпсіздігі бойынша орта мектептің дайындығы тексерілді.

Кездесу барысында Семей қаласындағы орта білім беру мектептерінің тәрбие жөніндегі меңгерушілеріне жол қозғалысы, буллинг, бопсалау, киберқылмыс, нашақорлық, балаларға қол сұғылмаушылық және қылмыстың барлық түрлері сияқты балаларға қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының барлық талаптары жеткізілді.

Семинар соңында жас жол инспекторлары мен “Жас Бүркіт” жасағы Қазақстан Республикасының жол жүрісінің арнайы тәсілдері мен ережелерін қолдану дағдыларын көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру