Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаудың бас полицейі азаматтарды қабылдады

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы “ZOOM” интернет-платформасы арқылы онлайн-форматта азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұндай іс-шараның негізгі мақсаты – халықпен кері байланысты қамтамасыз ету, олардың проблемалық мәселелерін шешу, сондай-ақ “халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде сенім деңгейін арттыру болып табылады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауына сәйкес ведомство басшылығының және оның аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен аудандық полиция бөлімдеріне дейін азаматтарды қабылдау эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып және заманауи технологияларды пайдалана отырып, онлайн-режимде жүргізіледі.

Бүгін Департамент бастығы Жанарбек Бақтыбаевтың қабылдауына он азамат келіп, түрлі сипаттағы сұрақтармен жүгінді.

Олардың көпшілігі қылмыстық, әкімшілік материалдарға қатысты болды. Барлық келушілерге өздерін қызықтырған мәселелер бойынша білікті жауаптар берілді.

Мысалы, ведомство басшысына өңір тұрғыны Жаңаөзенде орын алған жол-көлік оқиғасына қатысты сауалдарымен жүгінді.

Департамент басшысы өзінің тергеу бойынша орынбасары Амангелді Досжановқа қабылдауға келген азаматтың мәселесі бойынша шешім табуды тапсырды. Жол-көлік оқиғасы бойынша материалды объективті қарастыру мақсатында Амангелді Досжанов Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен бірге Жаңаөзен қаласына жолға шықты.

Бұдан басқа Ж.Бақтыбаев келіп түскен сұрақтар бойынша қызмет басшыларына нақты тапсырмалар берді. Ол қосымша зерделеуді қажет ететін материалдарды жеке бақылауына алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру