Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық әйел үйдің ауласына есірткі еккен

Маңғыстаулық әйел үйдің ауласына есірткі еккен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 тамыз Мұнайлы ауданы полиция бөліміне Н. есімді жергілікті тұрғынның Маңғыстау облысы аумағында есірткі затын өсірумен және таратумен айналысып жүргені туралы ақпарат келіп түскен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесімен Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 44 жастағы әйел адам ұсталып, оның мекенжайы бойынша тінту жүргізу барысында үйінің ауласынан салмағы 4 келі 8 грамм болатын есірткі өсімдігі тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру