Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлер “30 игі іс” акциясын жалғастыруда

 Маңғыстаулық полицейлер “30 игі іс” акциясын жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігін күзететін полицейлердің арқалаған жүгі қашан да ауыр. Тәртіп сақшылары күнделікті қызмет барысында түрлі оқиғалар мен күрделі жайттарға тап болып жатады. Сондай оқыс жағдайлардың бірін басынан кешіріп, қызмет бабында бақилық болған ІІО қызметкері Абишев Ержан Серікжанұлының отбасына департамент бастығының тарапынан көмек көрсетілді.

Ержан Абишев 1976 жылы желтоқсан айында дүниеге келген. Ол өзінің қызметтік жолын Маңғыстау облысы ІІБ патрульдік-бекет қызметінің милиционері лауазымынан бастаған. 1997 жылы қызметтік міндеттерін өтеу барысында жиырма бір жасында мерт болды. Ержанның әкесі – Серікжан Абишев да осы салада қызмет атқарып, кейін зейнетке шығып, дерттен қаза тапқан.

Қос тірегінен айырылған Сағира апамыз пәтеріне жөндеу жұмыстары қажет екенін айтып, ведомство басшылығына жүгінген болатын. Қарбалас жұмысынан тыс уақытта сауапты істер жасауға асығып тұратын облыстың бас полицейі ақ жаулықты ананың сөзін жерге тастамай, көмек қолын созуды жөн көрді.

Пәтеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп берген полицейлерге риза болған жалғызбасты ана департамент басшысына бұл игі ісіне аналық алғысын білдіріп, жүрек жарды тілегін жеткізді. Бүгінде Сағира апамызға полиция қызметкерлері тұрақты негізде арнайы барып, көңіл бөліп, қажеттіліктері бойынша сыйлықтарын табыстап тұрады.

Айта кетейік, “30 игі іс” акциясынан бөлек, маңғыстаулық полицейлер өзге уақыттарда да үнемі қайырымды істермен айналысып, үлкендерге деген құрмет пен кішіпейілділіктерін танытуды ешқашан ұмыт қалдырмайды. Олар бұны адамгершілік пен сыпайылықтың белгісі деп біледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру