Маңғыстаулық полицейлер жаңа туған нәрестені саудалау фактісін анықтады
Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жаңа туған нәрестені саудалау фактісі бойынша жедел ақпарат келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 мамыр күні сағат 13:00 шамасында облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша жаңа туған сәбиді сатып, ақша алған 35 жастағы күдіктіні ұстады.
Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері жаңа туған нәресте тапсырылған 38 жастағы күдіктіні ұстады.
Бала сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласының облыстық мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды.
Осы дерек бойынша Маңғыстау облысы ПД-де ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерден мойындау жауаптары алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.