Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ордабасылық полицейлер ҰОС ардагеріне құрмет көрсетті

Ордабасылық полицейлер Ұлы Отан соғысы ардагерінің үйіне арнайы барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қуашбаев бастаған полиция қызметкерлері Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагері Мұрат Қалменовтің атамыздың шаңырағына ат басын бұрып, құттықтап қайтты.


Ұлы Жеңістің 78 жылдығын тойлағалы отырған ардагерге бейбіт өмір үшін күресте көрсеткен ерлігі үшін шынайы алғысын білдіріп, мерекелік сый-сияпатын табыстады. Айта кетейік, Мұрат Қалменов 1924 жылы Ордабасы ауданы Бадам елдімекенінде дүниеге келген. Соғыс майданына 18 жасынан аттанған жауынгер бүгінгі таңда аудандағы жалғыз соғыс ардагері.

ҰОС ардагері Мұрат Қалменов жүрекжарды лебізін білдіріп, еліміздің тыныштығын күзеткен тәртіп сақшыларына ақ батасын берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру