Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-да 20-дан астам жас қызметкер ант қабылдады

Ақтөбе облысында ҚАЖД-ның 20-дан астам жас қызметкері ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерге қызметке қабылданған 23 жас қызметкер Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты түрде Отаны мен халқына адал қызмет етуге ант берді.


Ант қабылдау рәсімі Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД ғимаратының алдында департамент қызметкерлері мен сала ардагерлерінің қатысуымен өтті.

Одан соң Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы жас мамандардың өздеріне жүктелген міндеттерді адал атқаратындықтарына сенім білдіріп, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі. Ант қабылдау рәсімінде іс-шараға қатысқан ҚАЖ саласының ардагерлері де қызметке жаңа қабылданып отырған қызметкерлерді құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру