Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлермен заңсыз бекіре балығы тәркіленді

Маңғыстаулық полицейлермен заңсыз бекіре балығы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен Түпқараған ауданынан ҚР заңнамасын бұзушы күдікті анықталып, ұсталды.

5 қарашада сағат 22:40 шамасында полицейлер Nissan X-Terra автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында жалпы салмағы 24 келіні құрайтын 7 бекіре тұқымдас балық анықталып, тәркіленді.

Табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 44 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру