Мақтааралда полицейлер үйінде сора өсірген ер адамды анықтады
Мақтааралда полицейлер үйінде сора өсірген ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Полиция қызметкерлері есірткі қылмысымен күресу мақсатында күнделікті жұмыс атқарады. Мәселен, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында жергілікті тұрғынның үйінде есірткі затына ұқсас өсімдікті өсіргенін анықтады.
Полицейлер күдіктінің ауласын тінту кезінде 9 түп есірткі затына ұқсас өсімдікті тәркілеп алды. Аталған өсімдікке сараптама тағайындалды. Оның қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат сора болып шықты.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеді. Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.