Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралда үйінің ауласына сора есірткісін еккен тұрғын анықталды

Мақтааралда үйінің ауласына сора есірткісін еккен тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері “Қарасора – 2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде тұрғынның өз ауласына есірткі өсіргендігін анықтады.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп өсіру) бойынша тіркеуге алды.

Полицейлер орта жастағы ер адамның үйіне барып, оның ауласын тінту кезінде егістік алқаптан заңсыз есірткі затына ұқсас өсімдікті тапты. Оны айғақты зат ретінде алып, сараптамаға жолдады.

Нәтижесінде, алынған заттың сора есірткісі екендігі анықталды. Қазіргі таңда күдікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру