Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралда жүргізу куәлігі жоқ мас жүргізуші 20 тәулікке қамалды 

Мақтааралда жүргізу куәлігі жоқ мас жүргізуші 20 тәулікке қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары қоғамның тыныштығын басты назарда ұстайды. Олар түрлі қылмысты болдырмау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Мәселен, Мақтаарал ауданының полицейлері Атакент – Жетісай тас жолы бойында таңғы сағат 07:30 шамасында алдыңғы және артқы мемлекеттік белгілері жоқ AUDI C4 автокөлікті тоқтатады. Аталған көліктің жүргізушісін тексеру барысында оның куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткендігі белгілі болды. Сондай-ақ, оның ішімдік ішкенінен күдіктенген полицейлер оған медициналық сараптама тағайындады.

Нәтижесінде, оның алкагольдік мас халде екендігі анықталды. Осыған байланысты жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу), ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) және ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған іс-құжаттар Мақтаарал аудандық сотына жолданған болатын.

Аталған жайтқа сәйкес, аудандық соттың қаулысымен жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру