Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдық полицейлер қайырымдылық іс-шарасын жалғастыруда

Мақтааралдық полицейлер қайырымдылық іс-шарасын жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полиция қатарында жаны жомарт, қайырымды, адамгершілік секілді ізгі қасиеттерді бойына сіңірген, өз елінің нағыз патриот офицерлері қызмет атқарады. Тәртіп сақшылары тарапынан өзгелерге үлгі боларлық осы атқарылған істерді халыққа жеткізу, қоғамдағы полицияның оң имиджін қалыптастыру мақсатында сіздерге көптеген ақпараттар ұсынғанымыз белгілі. Бұл полиция қызметкерлерінің қиын да қауіпті қызметтерінен бөлек, адами құндылықтарды алға тартып жасап жатқан жұмыстары. Қорғансызға қорған бола білген ішкі істер саласының қызметкерлері көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларды назардан тыс қалдырмай, үнемі қолдау білдіріп келеді.

Мәселен, Мақтааралдық полицейлер кезекті қайырымдылық іс-шараларын жалғастырып, бір қошқарды құрбандыққа шалды.

Құрбандыққа шалынған қойды үш бөлікке бөліп, қосымша азық-түлік өнімдерімен қосып, жол тартты. Отбасының тірегінен ерте жесір қалған Мақтаарал ауданының тұрғындары үш баланың анасы М.Исламова және С.Ибрагимоваға, тұрмысы төмен А.Асылбековалардың отбасыларына арнайы барып қайтты. Яғни отбасы мүшелерінің хәл-жағдайын сұрап, апарған күнделікті тұтынуға қажетті өнімдерін үлестіріп берді.

Өз кезегінде асыраушысынан айырылған аналар полицейлерге алғыстарын айтып, жұмыстарына табыс тіледі. Қиын шақта қолдау білдіргендеріне ризашылықтарын жеткізді.

Қайырымдылық – адамның келесі адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін сүйіспеншіліктің көрінісі екені даусыз. Сондықтан, бір-бірімізге көмектесуден шаршамайық!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру