Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдық полицейлер жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен ер адамды анықтады

Мақтааралдық полицейлер жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Республика көлемінде 19 шілде мен 18 тамыз аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы жүйелі түрде жүргізілуде. Осы тұрғыда Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік шара ұйымдастырды. Нәтижесінде сағат 02:00 шамасында Мырзакент – Атакент тас жолы бойында қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан Mersedes Benz көлігін тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде оның жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткені белгілі болды.

Сонымен қатар, оның мас күйіне күдіктенген полицейлер бірден медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысына сәйкес, ер адамның алкоголдьді мас халде екендігі расталды.

Тәртіп сақшылары аталған көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) және ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша хаттама толтырды. Сондай-ақ, алкогольдік ішімдік ішіп, көлік басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі (Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамның масаң халде көлік құралын басқаруы) бойынша іс-құжаттар жинақталып, Мақтааарал аудандық сотына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру