Алматы полицейлері қаза тапқан әріптестерінің балаларына жазғы демалыс ұйымдастырды
Алматы полицейлері қызмет барысында қаза тапқан әріптестерінің балаларына жазғы демалыс ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе зардап шеккендердің отбасыларының балаларына полиция қызметкерлері аквапаркке саяхат ұйымдастырды.
– Балалар ойнап, көңілді және қызықты уақыт өткізді. Олар экстремалды сырғанақтармен сырғанады, үлкен бассейн ешкімді бей-жай қалдырмады, ең кішкентайларға аквапаркте екі бассейні бар арнайы аймақ бар. Іс-шара жылы әрі қуанышты жағдайда өтті, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.
Өз кезегінде, Алматы полициясының басшылығы «Әлемнің сегізінші кереметі» аквапаркінің және «Алтын – Тараз» ТФК ЖШС ұжымына ұсынған демалысы, ілтипаты мен мейірімділігі үшін үлкен алғысын білдірді.
Олардың мерекесіне ешнәрсе көлеңке түсірмес үшін 30-дан астам баланы 20-дан астам ересек адам ертіп жүрді.