Алматы полициясы сауда орталығының сатушыларын алдаған әйелдерді іздестіруде
Алматы полициясы сауда орталығының сатушыларын алдаған әйелдерді іздестіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Арызданушылардың айтуынша, екі бейтаныс әйел бутиктен киім сатып алып, тауардың ақысын электронды аударым арқылы төлегендей етіп, белгісіз бағытта кетіп қалған.
– Қазіргі уақытта күдіктілер іздестірілуде, бейнебақылау жүйелеріне мониторинг жүргізілуде. Олардың әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сараланған. Қылмыстық іс тіркелді. Аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді шаралар жүргізілуде. Басқа эпизодтар да жоққа шығарылмайды, – дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.