Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордадағы тергеу изоляторында сотталған заңды некеге тұрды

Қызылордадағы тергеу изоляторында сотталған заңды некеге тұрды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда облысы бойынша ЗК-169/1 тергеу изоляторында ҚР ҚК-нің 120-бабы (Зорлау) бойынша жазаға тартылған азамат сүйіктісімен некесін қиды.

30 жастағы сотталған бостандықта жүргенде болашақ жарымен үйленіп, жанұя құрсам деген ізгі ойда болған. Бірақ сол күні достарымен көңіл көтеру үшін түнгі клубқа барғанының соңы қылмысқа әкеп соққан.

– Жүріп жүрген қызым осы жайтты білген соң енді мүлдем хабарласпас деп ойлаған болатынмын. Бірақ олай жасаған жоқ. Сүйіктім жасаған қылмысымды кешірді және некеге тұруға келісімін берді. Қуанғаннан некеге тұруға өтініш жаздым. Мекеме заңгері Асқар Мұратбекұлының ықпалымен тез арада тиісті орындардың өкілдері келіп, бізге неке куәлігін тапсырды. Бүгін сондай қуаныштымын. Барлық болашаққа құрған жоспарларымды темір торда отырып армандайтын болдым, – дейді болашаққа үміті зор жігіт.

 

– Жалпы мекеме тарихында тағдырын суйіктісімен байланыстырып, түзелу жолына түсіп, сайып келгенде мерзімінен бұрын босатылған сотталғандар да кездеседі. Неке олардың тәрбиесіне игі әсер ететін болғандықтан, өтініштерін тез арада қарап, қолдарына неке куәлігін беріп отырамыз. Жыл басынан бері осымен бесінші азамат некесін қиды, – дейді Арнайы контигент арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімі бастығы Ардақ Тұрманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру