Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас 18 ақтөбелік жүргізуші жауапқа тартылды

Ақтөбе облысындаЛишенникжедел алдын алу іс-шарасынның екі күні ішінде 18 мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында, соның ішінде көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің қатысуымен, сондай-ақ жол қозғалыс ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 19-23 тамыз аралығында облыс аумағында Лишенникжедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шараның екі күні ішінде   облыстың автожолдарында 835-тен астам жол қозғалыс ережелерін бұзу анықталды, оның ішінде бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған бір мас жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, мас күйінде көлік құралын басқарған 18 жүргізуші ұсталды.

Жүргізуші куәлігі жоқ көлік құралын басқаратын 21 жүргізуші анықталды.

Белгіленген жылдамдықтан асырып көлік басқарудың 180 фактісі, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығудың 25 фактісі анықталды.

Мысалы, 20 тамызда патрульдік полиция қызметкерлері Әбілқайыр хан даңғылындағы 79 үйдің жанында көлік құралын басқару құқығынан бұрын айырылған 38 жастағы әйелдің басқаруындағы “Рено Сандероавтокөлігін тоқтатты. Жүргізуші көлікті орта дәрежедегі мас күйінде басқарған. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Әйел жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік құралдарын басқармауды сұрайды және ескертеді, Сіздің ойланбаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру