Мас күйде көлік жүргізген қызылордалық анықталды
Мас күйде көлік жүргізген қызылордалық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғасын азайту және жол қозғалысы ережелері мен заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері күн сайын рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізеді.
Кезекті рейд кезінде қала көшелерін аралау уақытында полиция қызметкерлері Mercedes-Benz маркалы автокөлікті тоқтатты.
Жүргізуші жол ережелерін бұзып, Өсербаев көшесімен жол қозғалысы қатысушыларының өміріне қауіп төндірген. Полиция автокөлікті тоқтату барысында жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізгені белгілі болды. Құқықбұзушының өткен наркологиялық сараптама нәтижесі бойынша жеңіл мас болу дәрежесінде болғаны анықталды.
Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беруі) бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
Жол-көлік оқиғасының алдын алу және болдырмау шараларын күшейту мақсатында полиция қызметкерлері қала тұрғындарын жолдардағы ерекше жауапкершілік туралы ескертеді.