Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда көлік жуу орнынан телефон ұрланды

Түркістандық полицейлер көлік ішінен телефон ұрлап кеткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз автоұрының құрбаны болғаны туралы арызбен келген. Жәбірленушінің айтуынша, автокөлік жуу орнында оның көлігінен 370 мың теңге тұратын ұялы телефоны ұрланған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеп, күдіктілерді іздеуге кірісті.

Қылмыс орнына келген Түркістан ҚПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері автокөлікте қалған іздерді мұқият тексерді, сондай-ақ басқа да жедел іс-шараларды өткізді. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аулаларды аралап, куәгерлермен сұхбаттасып, көшедегі бейнебақылау камераларын тексерді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, түркістандық полицейлер күдікті ретінде Түркістан қаласының тұрғынын ұстады. Жедел уәкілдер орта жастағы күдіктіні қалалық полиция басқармасына жеткізді.

Күдікті азамат автокөлік жуу орталығында жұмыс жасайтын болып шықты. Күдікті жәбірленушінің көлігін жумақ болған. Содан көлік ішіндегі ұялы телефонды көріп арам ойын жүзеге асырып жымқырып кеткен.

Бүгінгі таңда ұрланған ұялы телефон заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне құнды заттарды көлікте қалдыруға болмайтынын ескертеді. Сіз, абай болуыңыз керек және қысқа уақытқа кетсеңіз де, көліктің терезелері мен есіктерін жабуды ұмытпаңыз. Көлікті жақсы жарықтандырылған жерге немесе күзетілетін тұраққа қою ұсынылады. Мүмкіндігінше көлікке қауіпсіздік дабылын орнатыңыз, бұл ұрыларды қорқытуға көмектеседі. Егер, Сіз, автокөлік ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада “102” телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру