Мас күйінде 63 жастағы зейнеткерді соққыға жыққан күдікті ұсталды
Талдықорған қаласында 63 жастағы зейнеткерді соққыға жыққан күдікті ұсталды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
26 ақпанда «102» кезекші пультіне қарт адамға қатысты белгісіз адамдардың дене күшін қолданып жатқаны туралы қоңырау түсті. Қоңырау түскеннен кейін тәртіп сақшылар жақын маңдарды тінту жұмыстарын бастады. Аз уақыт ішінде қылмыс жасалған жердің маңынан алкогольді масаң күйде 21 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
Анықталғандай, 21 жастағы азамат көшеде қыдырып жүріп, егде адамды көріп, өзімен-өзі соққыға жыққан. Бірақ не себепті ұрғаны белгісіз. Ұсталған азамат қазіргі уақытта жасаған қылмысы туралы мойындау хатын жазуда.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша сотқа дейінгі тергеуден кейін іс жүргізу шешімін қабылдау үшін жіберіледі. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізіледі.