Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорған тұрғындары карантин талаптарын қалай сақтайды?

Алматы облысында кез келген құқық бұзушылықты анықтау және оларды болдырмау үшін тәртіп сақшылары тәулік бойы қызмет атқарып, індеттің жаппай таралуын болдырмау және аурудың алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында карантин тәртібі әлі алынған жоқ. Осыған орай, жаппай іс-шараларды өткізуге, облыс шегінде азаматтар мен автокөліктердің еркін жүріп-тұруына шектеу қойылған және тұрғындардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шаралар қабылданған.


Басшылықтың нақты тапсырмаларын алған құрамында полиция қызметкерлері Бағлан Науқанов пен Абылай Саматұлы бар Талдықорған қалалық Полиция басқармасының “Беркут-158” патрульдік полиция наряды көшелер мен аулаларды патрульдеуге шықты.


Қаладағы көшелерінің бірінен көлік салоны жолаушыларға лық толы автокөлік тоқтатылды. Көлік иесі карантин тәртібін неге бұзғанын тәртіп сақшыларына түсіндіре алмады. Сондықтан, аталған дерек бойынша ҚР ӘҚбК 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, бірнеше жүргізушінің қалада жеке көлігімен жүруге рұқсатының бары тексерілді.

“Біз экипажымызбен күн сайын карантин тәртібінің сақталуына бақылау жасаймыз. Жұмыс тәжірибеміз бойынша айтсам, жүргізушілердің барлығы карантин талабын сақтай бермейді. Кейбір тұрғындар қалада қоғамдық көліктің жүрмейтінін пайдаланып, заңсыз жолаушы тасымалдаумен айналысады. Дегенмен, жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескерту жасаймыз”,- деді Абылай Саматұлы.


Патрульдік бағыттың келесі нысаны айналасындағы тұрғындарға азық-түлік саудалайтын шағын маркет болды. Дүкендегі саудагерлердің бірі бетпердесін толық кимегені анықталды және тәртіп сақшылары дүкеннің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы жақсы екенін атап өтті.

Полицейлер қаланың бас санитарлық дәрігерінің талаптарын сақтамаған сатып алушыға сауда жасауға мүмкіндік бермеу қажеттілігін түсіндірді.


Шағын аудандағы аулаларды шолу барысында көпқабатты үйлердің жанында жүргіншілердің саны артқаны байқалады. Жас балалар мен жасөспірімдер ойын алаңында жүр. Кей жағдайда үлкендердің қарауынсыз жүргендері де кездеседі. Осы кезде дауысты күшейткіш арқылы аулада карантин тәртібін қатаң сақтаудың және өздерінің қауіпсізідігі үшін үйде болудың қажеттілігі туралы тұрғындарға үндеу жарияланды.


Облыс орталығында карантин тәртібін бұзушыларға әкімшілік жаза қолданады. Жалпы алғанда, полицейлер Талдықорған қаласында карантин тәртібінің сақталатынын атап өтті. Қазір тәртіп сақшылары көбінесе алдын алу және тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әсер етудің қатал әдістерін заң талаптарын өрескел бұзғанда ғана қолданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру