Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көпбалалы анаға азық-түлік жеткізілді

Түркістан облысының полицейлері көпбалалы анаға көмек көрсетті,- деп хабарлайды Polisia.kz.

Мерекелер қарсаңында көмекке мұқтаж жандарға жәрдем беруге асығатын полиция қызметкерлері, елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері ізгілікті ту еткен іс шараларын одан әрі де жалғастыра түсті.

Түркістан облысы полиция департаментіне қарасты әкімшілік Полиция басқармасының бір топ қызметкерлері көпбалалы ананың үйіне арнайы барып, тұрмысқа қажетті азық-түліктерін сыйға тартты. Сонымен қатар мерекемен құттықтап, көмек қажет болғанда жәрдемдесуге әзір екендіктерін жеткізді.
Полицейлер тарапынан көмек алған ана оларға аналық алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру