Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

7 баласы бар отбасыға полицейлер көмек көрсетті

Талдықорғанда тәртіп сақшылары жеті баласы бар отбасыға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында полиция қызметкерлері көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға және көмек қажет адамдарға қол ұшын беру шараларын одан әрі жалғастырып келеді. Бұл жолы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері жеті баланы өсіріп отырған көпбалалы отбасыға барды.

“Індеттің жаппай таралуына байланысты төтенше жағдайға орай көптеген отбасылар тұрақты кірістерінен айырылды. Әсіресе, көпбалалы отбасыларға өте қиын. Осыған орай, көптеген мемлекеттік органдар және өзгенің қиындықтарына бей-жай қарай алмайтын азаматтар ондай отбасыларға қолдан келгенше материалдық көмек көрсетіп жатыр. Бүгін біз жеті баласы бар үлкен отбасыға қол ұшын бердік. Ең қажетті азық-түлік жеткіздік және бұдан кейін де бұл отбасын қамқорлығымызға алу туралы шешім қабылдадық. Бұдан әрі отбасының жағдайын назарда ұстап, еліміздегі жағдайға қарамастан мүмкіндігінше көмектесетін боламыз”,- деді ҚР ІІМ Алматы облысы МКҚБ басшысы Мейіржан Андабаев.

“Біз біргеміз” бірлескен акциясы Криминалдық полиция, Тергеу басқармалары мен Алматы облысы Полиция департаментінің басқа да бөлімшелері тарапынан үлкен қолдау тапқанын атап өту қажет.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру